Құрылысшы – ел дамуына үлес қосатын негізгі мамандықтардың бірі
27.08.2025 13:53:35 280.png)
Құрылысшы – ел дамуына үлес қосатын негізгі мамандықтардың бірі
2025 жыл – елімізде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған ерекше жыл. Бұл бастама аясында құрылысшы мамандығына деген сұраныс пен құрмет одан әрі арта түспек.
Құрылысшы – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін, материалдық орта қалыптастырушы маңызды кәсіп иесі. Қалалар мен ауылдардың дамуы, заманауи инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы – осы мамандық иелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Білікті құрылысшылар – сапалы әрі қауіпсіз құрылыс нысандарын салып, ел экономикасына елеулі үлес қосады. Бұл мамандық техникалық білімді, дәлдікті, жауапкершілікті және үздіксіз даму мен кәсіби шеберлікті талап етеді.
Жастарды құрылысшы мамандығын игеруге шақыра отырып, еңбекке деген құрметті арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.