ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) Сотының делегациясымен кездесті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) Сотының делегациясымен кездесті

27.08.2025 15:01:23 136

Әділет министрі ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған конференциясы аясында өткен кездесуде ЕАЭО Сотына алғыс білдіріп, Одақтың құқықтық базасын дамытудағы оның маңызды рөлін атап өтті. Министрдің пікірінше, Соттың қызметі тұрақты құқықтық ортаны қалыптастыруға және интеграциялық үдерістерге деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында тараптар Одақ құқығын қолдану және дамыту мәселелерін талқылады. Сот төрағасы Әділет министрлігінің Сотпен өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі жұмысын ерекше атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар интеграцияның құқықтық негіздерін нығайту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Кездесу достық және іскерлік жағдайда өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1057660?lang=kk