Қазақстан СІМ-де Грузияның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Қазақстан СІМ-де Грузияның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

27.08.2025 16:41:49 148

Астана, 2025 жылғы 27 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Грузияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Леван Диасамидзеден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Е.Қоныспаев Елшіні тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметіне табыстар тіледі және екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына оның ықпал көрсететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында дипломаттар саяси, сауда-экономикалық, көлік, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-грузин ынтымақтастығының өзекті жағдайы мен перспективаларын, ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кестесін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібін талқылады.

Грузия Елшісі жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, достық пен өзара түсіністік қағидаттарына негізделген екі елдің көпжоспарлы ынтымақтастығын дәйекті түрде дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1057809?lang=kk