Ірі габаритті қалдықтарға арналған жаңа алаңдар салынуда
27.08.2025 18:50:52 129
Пилоттық жоба шеңберінде ірі габаритті қалдықтарды қабылдауға арналған мамандандырылған алаңдардың құрылысы басталды. Елді мекеннің Солтүстік және оңтүстік бөліктерінде барлығы 62 жаңа алаң құрылатын болады.
Бұл бастама аулаларда ескі жиһаз бен тұрмыстық заттардың бейберекет тасталуын жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді. Енді тұрғындар ірі көлемді қалдықтарын арнайы белгіленген орындарға қалдыра алады, ал оларды уақтылы техника әкетеді.
Сонымен қатар қолданыстағы контейнерлік алаңдар жаңғыртылуда: кірме жолдар асфальтталады, аумақ абаттандырылады, ескі металл бактар заманауи еуроконтейнерлерге ауыстырылады.
Өткен жылы 29 алаң жаңартылды, биыл жұмыс тағы 118 нысанды қамтиды. Мердігерлік ұйымдарға құрылысты және абаттандыруды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1057995?lang=kk