«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

28.08.2025 10:01:38 191

2025 жылғы 30 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Көрсетілген Заң «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) түзетулерді көздейді.

Түзетулер 2025 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енеді және келесі негізгі өзгерістерді қамтиды:

  1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттар бойынша борышты реттеуді жүргізу туралы талап (Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 6-бабы 2-тармағының
    5) тармақшасы)
    ;
  2. борышкерге себебін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығы берілді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы);
  3. уәкілетті орган бұрын тоқтатқаннан кейін соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға қайта жүгіну үшін 6 айлық мерзім белгіленді (Заңның 18-бабының жаңа 4-тармағы);
  4. соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың Заңның
    1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген кредиторлар алдындағы, оның ішінде кепілдік етушілерден, кепілгерлерден және (немесе) кепіл берушілерден басқа кредиттік бюролардың дерекқорларында көрсетілмеген барлық міндеттемелері тоқтатылуға жататыны айқындалды (Заңның 19-бабының
    2-тармағы)
    ;
  5. қаржы басқарушысының сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері нақтыланды (Заңның 23-бабының жаңа 1-1-тармағы);
  6. уәкілетті органның функциялары қаржы басқарушысына бюджет қаражаты есебінен сыйақы төлеу қағидаларын және сот арқылы банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпарат нысандарын бекітумен толықтырылды (Заңның 44-бабының 2-тармағы және 23-бабының жаңа 1-1-тармағының 8) тармақшасы).

Аталған заңнамалық түзетулерді іске асыру заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі ақпараттық жүйені пысықтауды талап етеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1058135?lang=kk