Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы Қазақстанның іскер топтарымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы Қазақстанның іскер топтарымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

28.08.2025 16:20:54 227

Исламабад, 2025 жылғы 26 тамыз – Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының (ПСӨПФ) басшылығының шақыруымен Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин ПСӨПФ штаб-пәтеріне барды.

Сапар барысында Елші Федерация басшылығымен және мүшелерімен интерактивті сессия өткізді. Сессияға Пәкістан Туризмді дамыту корпорациясының басқарушы директоры Афтаб-ур-Рехман Рана да қатысты.

Кездесу барысында екі елдің іскер топтарының B2B форматындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері, сондай-ақ өзара іс-қимылдың түрлі бағыттары талқыланды. Елші Қазақстан Елшілігінің екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қолайлы жағдай жасау, сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде, Пәкістан Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының басшылығы елдегі туризмді дамытуға ерекше назар аудара отырып, Федерация қызметінің әртүрлі бағыттары туралы хабарлады.

Сессия қорытындысы бойынша ПСӨПФ Пәкістанның Қазақстанға бизнес мүмкіндіктерін зерделеу және іскерлік байланыстар орнату мақсатында делегация жіберетіні жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1058456?lang=kk