Қазақстан мен БОМКА Бағдарламасы кедендік бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
02.09.2025 11:00:57 276
2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті БОМКА Бағдарламасы және БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерімен кездесті. Іс-шара аясында мобильді кедендік топтарға арналған жабдықтар табысталды.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Б.О. Слямов кіріспе сөз сөйлеп, БОМКА Бағдарламасы мен БҰҰ Даму бағдарламасына тұрақты қолдау мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында Қазақстанда заңнамалық негізге ие болған мобильді кедендік топтардың маңызы ерекше атап өтілді. Заманауи технологияларды енгізу кеден заңнамасының бұзушылықтарын, соның ішінде тауарлардың заңсыз айналымын, контрабанданы және қолданыстағы шектеулерді бұзуды тиімдірек анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді.
БОМКА Бағдарламасы ең үздік халықаралық тәжірибелерді ілгерілетуде дәстүрлі түрде маңызды рөл атқарады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті заманауи әрі инновациялық кедендік әкімшілендіруді дамытуға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларға алдағы уақытта да белсенді қатысуға дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1060174?lang=kk