ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 тамыздағы инвестициялық портфеліне шолу

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 тамыздағы инвестициялық портфеліне шолу

02.09.2025 11:20:29 246

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 857,25 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 24 283,88 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 505,92 млрд теңге

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 67,45 млрд теңге.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

2025 жылғы 1 тамызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,87%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,82%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,86%, МҚҰ - 1,17%.

2025 жылғы 1 тамыздағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,23%, АҚШ долларымен – 42,76%, басқа валюталарда - 0,003%.

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 104,97 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс - 159,38 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 439,09 млрд теңге, өзге кірістер - 5,01 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.   

Соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 14,74%, инфляция мөлшері - 11,80%.

Естеріңізге сала кетейік, жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі зейнетақы активтерінің кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен қысқа мерзім ішінде есептелген басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдары құнының ауытқуын әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдау үшін кем дегенде бір жыл кезеңді алған жөн.

2025 жылғы 1 тамыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,98%, ҚРҰБ депозиттері – 2,84%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,52% көрсетті.

 ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 67,45 млрд теңгеден асады.

01.08.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,58 млрд теңге.

Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 18,71%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,57%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 17,07%, РЕПО – 14,99%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 9,38%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,76%, МҚҰ - 6,20%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,18%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,81%. Атап кетейік, портфельдің 73,29% теңгемен, 25,28% - АҚШ долларымен, 1,43% - басқа валюталарда ұсынылған. 

2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,92% болды.

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.08.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,16 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,89%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,61%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,71%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,77%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,54%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,31%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,00%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,33%,

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,40%, АҚШ долларымен 24,60% тең.

2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,87% болды.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.08.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 7,28 млрд теңге.  

Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 22,66%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,51%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,40%, РЕПО – 10,76%,.

Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,08%, АҚШ долларымен 24,92%.

2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,68% болды.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.08.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,78 млрд теңге.

ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 24,24%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 17,07%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,45%, РЕПО – 9,59%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,82%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,06% инвестицияланды.

Ұлттық валютада портфельдің 68,03%, АҚШ долларында – 31,97% инвестицияланды.

2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,56% болды.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2025 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,65 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 22,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,44%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,47%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,08%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,92%, МҚҰ - 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,66%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,75%.   

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,40%, АҚШ долларында – 40,60% инвестицияланды.

2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына:

  • МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50% дейін;
  • сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100% дейін;
  • ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%беруге құқылы.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1060211?lang=kk