Пенитенциарлық жүйеде әлеуметтік жұмысты ҚАЖК мен «КӘӘҰ» бірлесе дамытатын болады

Пенитенциарлық жүйеде әлеуметтік жұмысты ҚАЖК мен «КӘӘҰ» бірлесе дамытатын болады

02.09.2025 12:20:30 245

Пенитенциарлық жүйеде әлеуметтік жұмысты ҚАЖК мен «КӘӘҰ» бірлесе дамытатын болады

Астана, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мен «Ұлттық әлеуметтік жұмысшылар альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі (КӘӘҰ) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжат қылмыстық-атқару жүйесінде кәсіби әлеуметтік жұмысты дамыту мен нығайтуға бағытталған және негізгі бағыттар бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:

  • Сотталғандарға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету – консультациялар, психологиялық жарақатпен жұмыс, отбасылық байланыстарды нығайту, қайта әлеуметтенуге жәрдемдесу және пенитенциарлық кезеңнен кейінгі қолдау;

  • Білім беру бағдарламалары – ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жұмыс және кейс-менеджмент бойынша тренингтер, арнайы оқу курстары мен материалдарын әзірлеу;

  • Нормативтік-құқықтық бастамалар – ҚАЖ мекемелеріне «әлеуметтік қызметкер» лауазымын енгізу бойынша ұсыныстар дайындау, лауазымдық нұсқаулықтар мен өзара іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу, кәсіби стандарт қалыптастыру;

  • Әлеуметтік осал топтармен жұмыс – бас бостандығынан айыру орындарында отырған кәмелетке толмағандар, балалы әйелдер және мүгедектігі бар адамдарды қолдау бағдарламаларын әзірлеу;

  • Әлеуметтік қайта интеграция – тәлімгерлік, босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге жәрдемдесу.

ҚАЖ комитеті мен Ұлттық әлеуметтік жұмысшылар альянсы арасындағы ынтымақтастық пенитенциарлық жүйеде әлеуметтік жұмыста құқық қорғау тәсілін енгізуге ықпал етпек. Бұл – адамның қадір-қасиетіне құрмет көрсету, адам құқықтарын сақтау және сотталғандармен гуманистік қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасауға баса назар аударуды білдіреді.

Мұндай көзқарас қайта әлеуметтендіру жүйесін нығайтып, қайталап құқық бұзушылық жасау тәуекелін төмендетуге және бұрын сотталған адамдардың қоғамға табысты бейімделуіне мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1060306?lang=kk