МҰҚАҒАЛИ МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕСІ
02.09.2025 17:11:16 372
Еліміздің теміржол саласында қызмет етіп жүрген мыңдаған еңбек майталмандарының әрқайсысы өз ісінің жауапкершілігін терең сезінеді. Солардың бірі – Қазықұрт станциясының сұрыптау дөңесінің кезекшісі Әбдірахман Мұқағали Нұрғалиұлы.
Оның негізгі міндеті – пойыздардың қозғалысын үйлестіру, вагондарды дұрыс реттеп, бағыттау арқылы тасымал процесінің үздіксіз әрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету. Бұл – ұқыптылықты, жоғары жауапкершілікті және кәсіби біліктілікті талап ететін маңызды жұмыс.
Әбдірахман Мұқағали өз мамандығын абыроймен атқарып, әріптестері арасында беделге ие. Теміржол саласында еңбек ету – тек қана жұмыс емес, бұл – қозғалыстың, қауіпсіздіктің және нақтылықтың кепілі.
Осындай қарапайым еңбек адамдарының табанды еңбегі арқасында жүк пен жолаушылар тасымалы уақытылы орындалуда.