Қазақстан мен БАӘ-нің энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды
03.09.2025 16:10:22 1245
Абу Даби, 2025 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстанның БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердегі Masdar компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті. Кездесуде тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын және екі ел арасында қолға алынған жобалардың қазіргі жай-күйін талқылады.
Әңгімелесу барысында компаниянын Бас директоры Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыруға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде Қазақстан Елшісі елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1061314?lang=kk