Өскемен қалалық мәслихатының қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
04.09.2025 11:50:26 837
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10, 19-баптарына сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының мәслихаты қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына мүшесін сайлау туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанында ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Өскемен қалалық мәслихаты
Александр Александрович Светаш – Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Өскемен қаласы, Пермитин к-сі, 17.
Жауапты тұлғалар – Бражникова Надежда Андреевна, № 205 каб., қалааралық телефон коды (87232), тел. 26-29-00, электрондық пошта мекенжайы: na.brazhnikova@akimvko.gov.kz
Өскемен қалалық мәслихаты қалалық сайлау комиссиясының мүшесін сайлайды:
Р/с №
| Сайлау учаске сінің нөмірі | Сайлау комиссиясының тұрған орны
| Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саны | ||
Қалалық сайлау комиссиясы | |||||
1 |
|
| Өскемен қаласы | Қ.Қайсенов көшесі,10а | 1 |
Өскемен қалалық мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1061812?lang=kk