Қонаев қаласында Есік көліндегі бөгетті сенімгерлік басқару мәселелері талқыланды

Қонаев қаласында Есік көліндегі бөгетті сенімгерлік басқару мәселелері талқыланды

04.09.2025 17:20:36 218

2025 жылғы 4 қыркүйекте Алматы облысы әкімдігінде Есік көліндегі «Плотина» су шаруашылығы нысанын сенімгерлік басқару мәселелері бойынша кеңес өтті.

Еске салсақ, аталған нысан 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап «Хабель» ЖШС-нің директоры Хабиев А.С. басшылығымен сенімгерлік басқаруға берілген.

Кеңес жұмысына Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының (БАБИ) өкілдері, Алматы облысының Су ресурстары және ирригация басқармасы, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі, Алматы мемлекеттік қорығы, Іле-Алатау ұлттық паркі және «Қазселезащита» ММ қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде көпфакторлы тексеру қорытындысын ұсыну мерзімін 2025 жылғы қарашадан 2026 жылғы мамырға ауыстыру, Есік көліне қол жеткізу үшін төлем алу тәртібі, WWF гранты аясында балық қорғау құрылғысының заңсыз орнатылуы, сенімгерлік басқарушыға су қоймасын қауіпсіз пайдалану жөнінде уәкілетті органдардың ұсыныстары мен ұсынымдары, сондай-ақ төменгі алқаптағы егістіктерді суару үшін шлюздің жұмысын реттеу және су беру кестесін жасау мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша сенімгерлік басқарушыға су қоймасын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстар беріліп, су ресурстарын реттеу мен Есік көлінің экожүйесін сақтау шаралары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1062160?lang=kk