Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті.

Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті.

04.09.2025 17:20:41 201

Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа аудан әкімі Е.Ихсанов, мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Отырыста «2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «2025-2027 жылдарға арналған Ақсай қаласы мен ауылдық округтер  бюджеті туралы» шешімдеріне  өзгерістер енгізу туралы» мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады.

Бұдан соң Қанай,   Қарағанды,    Қарақұдық ауылдық округі әкімі аппараттарының атқарған жұмыстары мен көрсететін      мемлекеттік қызметтері туралы мәселелер тыңдалды.

Келесі Бөрлі ауданы әкімі және аудандық мәслихат  аппаратының  мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қаулы және шешім жобаларына қоғамдық кеңес ұсыным берді.

Қоғамдық кеңес мүшелері А.Идгеева, М.Ергалиев, Д.Акмамбетов, Т.Казжанов, А.Ашурматов өздерінің көкейтесті мәселелерін көтеріп, сұрақтар қойып жауаптар алды.

Отырыс соңында қоғамдық кеңес мүшелігіне резерв тізімінен С.Есенов аудандық қоғамдық кеңес құрамына енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1062157?lang=kk