Самар ауданында күзгі әскерге шақыруға дайындық мәселелері талқыланды
05.09.2025 12:20:24 700
Самар ауданында күзгі әскерге шақыруға дайындық мәселелері талқыланды
Самар ауданында күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық жөнінде жиын өтті.
Оған Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы Рауан Жампеиcов, Күршім, Самар және Марқакөл аудандарының бойынша біріктірілген қорғаныс істері бөлімнің бастығы Данияр Бикадамов, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Жиында шақыру науқанының дайындық барысы, жастармен жұмыс жүргізу, жергілікті атқарушы органдардың әскер қатарына жасақтау жоспарын орындаудағы жауапкершілігі қаралды. Әсіресе халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мен шақыру үдерісінің ашықтығына баса назар аударылды.
Айта кетсек, науқанның табысты өтуі барлық қызметтердің үйлесімді жұмысына және аудан тұрғындарымен тығыз байланысына тікелей байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1062565?lang=kk