№28 мекеме қызметкерлері Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болды

№28 мекеме қызметкерлері Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болды

05.09.2025 15:10:58 691

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінің қызметкерлері Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығын тамашалады.

 

Экскурсия барысында қатысушылар қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, публицисті Қадыр Мырза Әлі мұрасымен танысты. Орталықта ақынның кітаптары, қолжазбалары, жеке заттары мен суреттері, сондай-ақ оның нақыл сөздері мен философиялық ой-толғамдарына арналған залдар бар.

 

Бұл іс-шара қызметкерлерге қазақ халқының рухани құндылықтарын тереңірек сезінуге, дүниетанымдарын кеңейтуге және мәдени мұраны сақтау маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1062650?lang=kk