Қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап
05.09.2025 16:50:44 111
Сараланған ҚҚС ставкалары:
1) 16% - салық салынатын айналым мөлшерінен және ол салық салатын ипорттан
2) 5% - 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап және 10% - 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- өткізу және импорт бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде өткізілген тауарларды қоспағанда, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеуге арналған, дәрілік заттар;
- медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдарды жинақтау, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.
- ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін өткізілгендерді қоспағанда, медициналық қызметтерді, оның ішінде кешенде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен.
3) 10% - отандық мерзімді баспа басылымдарын өткізу бойынша айналым мөлшерінің.
Салық кодексінің 490 – бабында айқындалған шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімін өндіруді, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС - тың қосымша сомасы-80%.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1062801?lang=kk