Қазақстан халқының тілдер күні!
05.09.2025 16:50:49 105
Бүгін ақын, публицист, аудармашы, педагог, 20 ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтерілістің жетекшісі, қоғам қайраткері -Ахмет Байтұрсыновтың туған күні.
Осыған орай, Бастаушы ауылдық кітапханасында ауқымды “Дәуірдің жарық жұлдызы-Ахмет Байтұрсынұлы” атты іс-шара өтті. Кітапханада “Мәдениет тұғыры- ұлттық тіл” атты кітап сөресі қойылып, шолу жасалды.Ахмет Батұрсынұлының “Өмір жолы” атты видио оқырмандарға көсетілді. Кітапханашы Жанат Маулханова оқырмандарға мемлекет қайраткері, тіл білімін зертеуші А. Байтұрсынов жайлы толық мәлімет берді. “АМАNAT”партиясы филиалының төрағасы Айнұр Отаршина қатысып, ақынның өлеңін оқып: “Білім көзі-кітапта, көзі қарақты, жан-дүниесі рухани бай болу үшін, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру қажет. Сұлу да, көркем ана-тілімізді дәріптеу үшін көркем шығармаларды, төл әдебиетімізді көбірек оқып, үйренейік!”-деп жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1062781?lang=kk