Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру
08.09.2025 16:31:07 229
Қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру
Салық кодексінің 88-бабына сәйкес Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұруды салық органы бір жұмыс күні ішінде келесі жағдайларда жүргізеді:
1) салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарламаны орындамаған немесе орындалмаған деп тану туралы шешім шығарған;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерін растау туралы хабарлама орындалмаған;
3) алдыңғы алты ай ішінде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған;
4) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті ұсыну қайта басталған күнге дейін осындай салықтық есептілікті табыс етуді осындай салықты төлеуші тоқтата тұрған;
5) дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
6) заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
7) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
8) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;
9) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп танылғаны туралы нөмірлер тізілімінен мәліметтер келіп түскен;
10) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 немесе 245-баптары бойынша осы заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қызметі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған сот актісі заңды күшіне енген;
11) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны іздестіру туралы қаулы шығарылған;
12) болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты емес екендігі не заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының рұқсат етілген мерзімінің өткені туралы мәліметтер келіп түскен;
13) дара кәсіпкер әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;
14) бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) қосылған құн салығын төлеуші-заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын салық төлеуші әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;
15) салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша болжамды алшақтықтар туралы хабарламаны орындамаған.
Салық органы көрсетілген жағдайларда осындай тоқтата тұру себептері жойылған, тоқтатылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін тоқтата тұрудың күшін жояды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1063721?lang=kk