Жас және болашақ сайлаушылар үшін сайлау квесттерін, іскерлік және зияткерлік ойындарды, пікірталастарды ұйымдастыру» тақырыбындағы дебат

Жас және болашақ сайлаушылар үшін сайлау квесттерін, іскерлік және зияткерлік ойындарды, пікірталастарды ұйымдастыру» тақырыбындағы дебат

08.09.2025 17:30:33 237

Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2025 жылғы 8 қыркүйегінде Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ оқушыларымен «Жас және болашақ сайлаушылар үшін сайлау квесттерін, іскерлік және зияткерлік ойындарды, пікірталастарды ұйымдастыру» тақырыбында дебаттық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, оларды сайлау процесінің маңыздылығымен таныстыру, саяси мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ болашақ сайлаушылар ретінде жауапкершілік сезімін дамыту.

Дебат барысында қатысушылар сайлау жүйесінің негізгі қағидаларын, демократиялық қоғамдағы әрбір азаматтың дауыс беру құқығы мен рөлін талқылады. Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, өз көзқарастарын дәлелдеуге, қарсы пікірлерге дәлелді жауап беруді үйренді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1063836?lang=kk