Қарағанды облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салық сауаттылығын арттыру шеңберінде бүгінгі күнге дейін өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде 01.01.2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер бойынша салық төлеушілер үшін Ашық есік күндерін өткізу жолымен жаппай-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
08.09.2025 18:51:02 20904.09.2025 жылы барлық 14 МКБ-да кәсіпкерлер үшін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру, оның ішінде ЖТС прогрессивті ставкалары, ҚҚС реформалау, арнайы салық режимдерін өзгерту, Салық есептілігі нысандарын 30% - ға қысқарту және т. б. мәселелері бойынша Ашық есік күндері өткізілді.
Бұдан басқа, аталған іс-шараны өткізу барысында салық төлеушілер жалпыға бірдей декларациялау және жергілікті салықтар мәселелері, ҚР ҚМ МКК мобильді өнімдерінің функциялары мен артықшылықтары, Amian акциялары, кассалық тәртіп және т.б. туралы толық ақпарат алады.
Сонымен қатар, ақпараттық материал таратылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әңгіме жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1063907?lang=kk