Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды өткізу
10.09.2025 15:20:38 261
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 343 бабы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды өткізу кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде қайтыс болған адамның денесі (мәйіті) салынған табытты немесе күлі салынған сауыттарды алып жүретін адам берген еркін нысандағы өтініш пайдаланылуы мүмкін.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды кедендік декларациялау кезінде мынадай құжаттар:
1) Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу үшін айқындалған тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері беретін қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері, ал жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты мұндай құжаттар болмаған кезде – әкетілетін сүйектерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар;
2) қайта жерленген жағдайда эксгумация өткізу мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитариялық қадағалау органдарының еркін нысандағы қорытындысы;
3) мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның оларда бөгде салынымдардың жоқтығын көрсете отырып және қайтыс болған адамның заттары мен құнды заттары қайтыс болған адамның денесімен (мәйітімен) бірге жөнелтілген жағдайда олардың тізімдемесі қоса беріле отырып, еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін қайтыс болғандардың денелері (мәйіттері) салынған табыттарды және күлі салынған сауыттарды кедендік декларациялау кезінде мынадай құжаттар:
1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген қайтыс болуы туралы куәлік не қайтыс болуы туралы медициналық куәлік не осы құжаттардың көшірмесі, ал мәйіттің жерленгеніне ұзақ уақыт өтуіне байланысты ондай құжаттар болмаған кезде – әкелінетін сүйектерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар;
2) мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметтерін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның оларда бөгде салынымдардың жоқтығын көрсете отырып және қайтыс болған адамның заттары мен құнды заттары қайтыс болған адамның денесімен (мәйітімен) бірге жөнелтілген жағдайда олардың тізімдемесі қоса беріле отырып, еркін нысандағы актісі (анықтамасы) ұсынылады.
к/б «Әуежай Оскемен» ШҚО бойынша МКД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1065258?lang=kk