10 қыркүйек – ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық саясат саласы мамандарының күні

10 қыркүйек – ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық саясат саласы мамандарының күні

10.09.2025 16:10:25 203

2009 жылы Қорғаныс министрлігінің құрылымында мемлекеттік әскери-техникалық саясатты жүзеге асыруға жауапты департамент құрылды.

Бұл бөлімшенің қызметі елдің экономикалық мүмкіндіктерін, әскери-саяси жағдайды және қорғаныс саласындағы өзекті міндеттерді ескере отырып, Қарулы күштерді техникалық жарақтандыруға бағытталған.

Департаменттің әскери қызметшілері армияны қайта жарақтандыруға қатысты заңнамалық жұмыстарға қатысады, заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру ісімен айналысады. Сондай-ақ, олардың жұмысының маңызды бағыттарының бірі – қорғаныс өнеркәсібін дамыту және әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштері заманауи бронетехникамен, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен және авиациялық техника үлгілерімен жабдықталды.

Сонымен қатар, заманауи жойғыш ұшақтар, С-295 және А400М әскери-көліктік ұшақтары, L-410 оқу-жаттығу ұшақтары, Anka ұшқышсыз ұшу аппараттары мен Skylark-1LEX барлау-соққы жасауға арналған дрондар сатып алынды.

Отандық өндірісті дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Әскерлерге брондалған дөңгелекті машиналар, Қазақстанда құрастырылған дрондар жеткізілуде, қолданыстағы қару-жарақ үлгілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқарудың стратегиялық буынында отандық автоматтандырылған радиобайланыс кешендері қолданылады. Бұл шешім жауынгерлік басқару жүйесінің сенімділігін арттырып, ескерту мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Армиялық бөлімшелерді радиостанциялармен жабдықтау кезең-кезеңімен іске асуда.

Қарулы күштерді заманауи қару-жарақпен және техникамен қамтамасыз ету мақсатында департамент халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ҰҚШҰ, ШЫҰ және ЕАЭО-мен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ екіжақты және көпжақты кездесулер ұйымдастырады. Маман­дар қару-жарақ нарығына мониторинг жүргізіп, перспективалы технологияларды талдап, жаңа техника үлгілерін сынақтан өткізуге және халықаралық көрмелерге қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1065334?lang=kk