Төлем көзіндегі корпоративтік табыс салығы (КТС)

Төлем көзіндегі корпоративтік табыс салығы (КТС)

10.09.2025 17:50:35 267

Төлем көзіндегі КТС – мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көздерінің бірі. Ол Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместердің кірістерінен ұсталады.

Салықты кім ұстайды:Резидент заңды тұлғалар мен ұйымдар резидент еместерге табыс төлеген кезде салық агенті ретінде КТС ұстайды.

Салық мөлшерлемелері:

  • 20% – белсенді кірістерге және оффшорлық аймақтардағы компаниялардың кірістеріне;
  • 15% – дивидендтерге, сыйақыларға, роялтиге және тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына;
  • 5% – қайта сақтандыру шарттары мен халықаралық тасымалдауға.

Салықты бюджетке аудару мерзімдері:

  • Төленген кірістер бойынша – төлем жасалған айдан кейінгі 25 күннен кешіктірмей;
  • Есептелген, бірақ төленбеген кірістер бойынша – КТС декларациясын тапсыру мерзімінен кейінгі 10 күн ішінде;
  • Алдын ала төлем кезінде – кіріс есептелген айдан кейінгі 25 күннен кешіктірмей.

Есептілікті тапсыру:

КТС бойынша есепті салық агенті тоқсан сайын тапсырады:

  • I–III тоқсандар үшін – келесі тоқсанның екінші айының 15-іне дейін;
  • IV тоқсан үшін – келесі жылдың 31 наурызына дейін.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1065473?lang=kk