2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының Жуалы мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы
10.09.2025 20:30:24 275
10.09.2025 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері қатысуымен медиа-жоспар шеңберінде Жуалы аудандық әкімшілігінің акт залында, 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар – мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Жалпы семинарға 108 тындаушы қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.
Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1065602?lang=kk