БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

11.09.2025 16:50:57 164

Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және салық төлеушілердің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолданудағы өзгерістер болды.

Баспасөз конференциясы барысында Басқарма мамандары келесі жаңашылдықтарды жан-жақты түсіндірді:

  • БКМ-ді тіркеу және пайдалану тәртібі;

  • деректерді онлайн режимінде беру функциясы бар заманауи онлайн-кассаларды енгізу;

  • бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған шаралар;

  • салық төлеушілердің заңнама талаптарын сақтау жауапкершілігі.

Салық төлеушілерден түскен сұрақтарға да ерекше көңіл бөлінді. БАҚ өкілдері талқыланған тақырыптың өзектілігін және салық мәдениетін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1066120?lang=kk