Қазақстан мен Черногория екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Черногория екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда

11.09.2025 20:20:27 181

2025 жылғы 11 қыркүйекте Подгорица қаласында Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Периша Кастратовичпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, оның ішінде саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен шараларды жүргізуге уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1066366?lang=kk