Жиддада фармацевтика саласындағы өзара әрекеттесу перспективалары талқыланды

Жиддада фармацевтика саласындағы өзара әрекеттесу перспективалары талқыланды

12.09.2025 08:31:09 215

Жидда, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Жидда қаласына жұмыс сапары аясында Корольдіктегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі «Jamjoom Pharma» компаниясының басқарма төрағасы Махмұд Джамджуммен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар сауд компаниясы мен фармацевтика саласындағы әлеуетті қазақстандық әріптестер арасында ынтымақтастық орнату мәселелерін қарастырды.

Атап айтқанда, «Jamjoom Pharma» басшысы Қазақстанды компанияның жоғары сапалы дәрі-дәрмек өнімдері үшін тартымды нарық ретінде қарастыратынын атап өтіп, қазақ тарапымен ықпалдастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі фармацевтика саласындағы ірі қазақстандық компаниялармен ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту үшін қажетті қолдау көрсетуге және қолайлы жағдай жасауға дайын екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1066391?lang=kk