«Ayurveda & Organic Expo 2025» көрмесі

«Ayurveda & Organic Expo 2025» көрмесі

12.09.2025 15:20:30 3335

2025 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев «Ayurveda & Organic Expo 2025» көрмесіне қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің ұйымдастыруымен «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» және Алматы қ. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен өтті.

Фармацевтика мен органикалық азық-түлікке арналған көрменің негізгі мақсаты – екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері арасында медицина, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру салаларында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашу болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1066769?lang=kk