«Отбасы – бақыт мекені!» көпбалалы отбасымен кездесу.
12.09.2025 18:10:49 140
12 қыркүйек Отбасы күніне орай кітапханашының ұйымдастыруымен Бастаушы ауылдық кітапханасыда 11 қыркүйек күні «Отбасы – бақыт мекені!» атты «Асылмұра» қоғамдық бірлестігі және ауылдың тұрғыны көпбалалы отбасы А. Смагулованың отбасымен кездесу өтті. Кездесу барысында сұхбат,әңгіме және сұрақ, жауаптар болды.Отбасының мектеп жасында үш баласы бар және балалары білімді, өнегелі, өнерлі ата-анасының қуаныштары. Отбасы ол адам өмірінде ерекше орын алады. Кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды отбасында біліп өседі. Ата-аналар балаларына баға жетпес өмірлік тәжірибе береді, қиындықтарды еңсеруге үйретеді, бойындағы қабілеттер мен таланттарды дамытуға көмектеседі, ұлттық дәстүрлермен таныстырады. Отбасы күні құтты болсын!
«Асылмұра» қоғамдық бірлестігінің мүшелері барша қазақстандықтарға бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілей отыра Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Бейбіт өмір болсын деп тілектерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1067062?lang=kk