ШҚО-ның әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
15.09.2025 09:00:49 132
ШҚО-ның әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Мерейлі отбасы» байқауының Самар аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады.
Құрметті атаққа Ақтілеу мен Альбина Райханның әулеті ие болды. Олардың өнегелі өмір жолы – мықты отбасылық құндылықтардың, өзара түсіністік пен балаларды сыйластық пен бірлік рухында тәрбиелеудің жарқын үлгісі.
«Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын Шығыс Қазақстанның ынтымақты да үлгілі отбасыларын біріктіріп, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1067377?lang=kk