«Оймаша» полигонында теңіз жаяу әскерлері Т-72 танктерінен атыс жүргізді

«Оймаша» полигонында теңіз жаяу әскерлері Т-72 танктерінен атыс жүргізді

15.09.2025 12:20:37 134

Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының танк экипаждары Т-72 танктерінен штаттық атыстарға қатысты.

Әр түрлі шартты нысандарға оқ ату кезінде экипаждар атыс жаттығуларын орындады. Танкистер қарсыластың шартты танктерін 1600 метрге дейінгі қашықтыққа танкке қарсы қол граната атқыштарын және 900 метрге дейінгі қашықтыққа автомобиль қаруын, сондай-ақ 700 метр қашықтыққа танкке қарсы қол граната атқыштарын ату кезінде барынша дәлдікті көрсетті.

Атыс міндеттерінен басқа, әскери қызметшілер оқ-дәрілерді танкке салу, қару-жарақ пен экипажды жорық жағдайынан ұрыс жағдайға ауыстыру және керісінше іс-қимыл нормативтерін практикада ойдағыдай пысықтады.

– Іс-шаралар атысты басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруге, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын дамытуға, олардың штаттық қару-жарақтан ату дағдылары мен машықтарын жетілдіруге бағытталған, – деп атап өтті танк батальонының командирі капитан Бексұлтан Алдаберген.

Рота экипаждары барлық нормативтерді сапалы және белгіленген мерзімде орындап, діттеген мақсаттарға қол жеткізді және өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті. Атыстарды ұйымдастыру және нәтижелері бойынша аға лейтенант Сунатулла Раджаповтың басшылығымен 2-ші танк ротасы үздік деп танылды. Жеке есепте экипаж әрекеттерінің дәлдігі мен үйлесімділігі бойынша ең жақсы нәтижелерді танк командирі гвардия аға лейтенантв Асұлан Сабыр көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, танктің негізгі қару-жарағын қолданатын штаттық атыс жылына екі рет өткізіледі. Жауынгерлік дайындықтың маңызды бөлігі болып саналатын атыс барысында жеке құрам техникалық дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, ұрысқа барынша жақын жағдайда техникамен жұмыс және атысты басқарудың маңызды практикалық тәжірибесін алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1067770?lang=kk