Курчатов қаласының көшелерін қайта атау мәселесі бойынша Курчатов қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында өткен қоғамдық тыңдаудың ХАТТАМАСЫ

Курчатов қаласының көшелерін қайта атау мәселесі бойынша Курчатов қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында өткен қоғамдық тыңдаудың ХАТТАМАСЫ

15.09.2025 17:40:56 177

Курчатов қаласы                                                                                2025 жылғы 15 қыркүйек

Тәуелсіздік көшесі, 4                                                                        сағ. 10.00

 

Құрметті қала тұрғындары, қоғам өкілдері, депутаттар!

Қоғамдық тыңдауға:

1.Депутаттар – Курчатов қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелері,

2.Жергілікті атқарушы органдар өкілдері,

3.Курчатов қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері,

4.Курчатов қаласы ұйымдары және кәсіпорындарының бсшылары,

5.Степная, Победа көшелерінің тұрғындары қатысып отыр.

Төрағалық етуші: Курчатов қалалық мәслихатының депутаты, бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы В.А. Витюк.

В.А. Витюк – комиссия төрағасы

            Бүгін, Курчатов қаласының келесі көшелерін қайта атау мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау жүргізіледі.

1) Степная көшесін Бұлақ көшесіне;

2) Победа көшесін Жеңіс көшесіне.

Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу қағидаларының 2-бөлімінің 5-тармағына сәйкес өткізіледі.

            Қоғамдық тыңдау ашық деп жарияланады.

            Қоғамдық тыңдау жұмысы үшін жұмыс регламентін бекітіп алуымыз қажет.

Келесі реламент ұсынылады:

Баяндамашыға 5 минутқа дейін.

Жарыссөзге түсушілерге 2-3 минутқа дейін.

Тыңдау үзіліссіз өткізілсін.

            Ескертулер, толықтырулар, өзгерістер бола ма? Жоқ. Дауысқа саламын. Ұсынылған регламентті кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалған? Жоқ. Ұсынылған регламент бірауыздан қабылданды.

            Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз:

            Сөз Абай облысы Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтынай Амангельдыевна Сулейменоваға беріледі.

ТЫҢДАЛДЫ:

А.А.Сулейменова, Абай облысы Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

 

Қазіргі кезеңде ономастика мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылып, ғылыми-практикалық және мәдени-тарихи маңызымен қатар, қоғамдық-саяси тұрғыдан да айрықша мәнге ие болуда.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуымен бірге ономастикалық үдерістердің өзектілігі артып, атауларды жүйелеу мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Географиялық нысандардың, елді мекендердің, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, су айдындарының және өзге де топонимдердің атаулары мемлекеттің тарихи жадысы, тілі мен географиясы туралы кешенді ақпарат көзі болып табылады.

Ономастика саласындағы зерттеулер мен практикалық шаралар мемлекеттік маңызы бар қызмет ретінде бағаланады. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV - отырысында жасаған баяндамасында тағы да нақты атап өтілді.

Ұлттық құрылтайдың маңызды шешімдерінің бірі — ономастикалық жұмысты Республикалық ономастика комиссиясы аясында орталықтандыру болды. Бұл комиссияның негізгі міндеттері – топонимдер арқылы көрініс табатын рухани мұраны сақтау және көбейту мақсатында тарихи атауларды қалпына келтіру, сондай-ақ жаңа атауларды бекіту болып табылады. Елді мекендерге, көшелерге және басқа да нысандарға атау беру мен қайта атау мәселелері тарихи сана мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті барлық деңгейдегі әкімдіктерге көшелер мен өзге де нысандардың ескірген, қайталанатын әрі идеологиялық тұрғыдан мәнін жоғалтқан атауларын ауыстыруды тапсырды.

Қазақстан — 30 жылдан астам тәуелсіздігі бар, өзіндік тарихы мен дәстүрлері қалыптасқан мемлекет. Осыған байланысты, мағыналық жүктемесінен айырылған көше атауларын қайта атау — уақыт талабы әрі қажетті қадам болып табылады. Жас ұрпақ ұлттық тарихқа құрметпен қарайтын, отансүйгіштік рухта тәрбиеленуі тиіс.

Курчатов қаласында 18 көше және 1 алаң бар. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тарапынан бекітілген және келісілген 2024 жылға арналған әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауын өзгерту жөніндегі Жол картасына сәйкес, аталған қалада екі көше 2024 жылға арналған Жол картасына енгізілді.

Курчатов қаласында 2025 жылы екі көшені – Победа және Степная көшелерін қайта атау қажет.

Елде көше атауларын өзгерту заңнамада бекітілген кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәртібі бойынша жүргізіледі. Бүгінгі жария тыңдау — осы тәртіпті іске асырудың бір кезеңі болып табылады.

Есепті кезеңде Курчатов қаласының ономастика жөніндегі бастамашыл тобы белгілі бір жұмыстар атқарды, атап айтқанда, аталған көшелерде тұратын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Победа көшесі қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл көшеде үш тұрғын үй және 1985 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне орнатылған «Жеңіс — Азат етуші жауынгерге» арналған ескерткіш бар.

Ұсынылып отырған атау — Жеңіс көшесі. Атаудың мағынасы өзгермейді, себебі «Победа» сөзі тікелей «Жеңіс» деп аударылады. Бұл дәстүрлі әрі тарихи атау халықтың ерлігі мен қаһармандығын білдіреді, Отан қорғаушылардың есімін мәңгі есте қалдыруға бағытталған және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Степная көшесі қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, бұл көшеде 16 тұрғын үй бар.

Ұсынылып отырған жаңа атау — Бұлақ көшесі. Бұл сөз қазақ халқы үшін терең символдық мағынаға ие болып, тазалықты, өмірді және табиғатпен үндестікті білдіреді. Атаудың мұндай нұсқасы рухани-мәдени құндылықтарды айшықтап, келер ұрпақ үшін маңызды естелік бола алады.

Осылайша, ұсынылып отырған жаңа атаулар бейтарап, дәстүрлі сипатқа ие және көптеген жылдар бойы өзектілігін сақтайды.

Көше атауларын өзгерту барысында туындауы мүмкін қаржылық шығындар мәселесі жиі көтерілуде. Осыған байланысты атап өткім келеді: қала тұрғындары үшін ешқандай шығын қарастырылмаған. Жылжымайтын мүлікке қатысты құқық белгілейтін құжаттарды ауыстыру талап етілмейді.

Бірыңғай мемлекеттік мекенжай тіркеліміне тиісті өзгерістер енгізіліп, тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгінген жағдайда, анықтамаларда бұрынғы және жаңа көше атауы қатар көрсетілетін болады.

Қажет болған жағдайда құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мекенжай нақтылау туралы растайтын анықтамаларды тегін ұсынады.

Заңды тұлғалар үшін тек мөр немесе лицензияны ауыстырған жағдайда ғана шығындар туындауы мүмкін: мөрді ауыстыру – шамамен 6000 теңге, лицензияны түзету – шамамен 9000 теңге.

Алайда, аталған көшелерде тіркелген заңды тұлғалар мен кәсіпорындар жоқ. Сондықтан жеке тұлғалар үшін ешқандай қаржылық шығындар болмайды.

 

В.А. Витюк – комиссия төрағасы

Алтынай Амангельдыевнаға сұрақтар бола ма? Сұрақтар жоқ.

В.А. Витюк – комиссия төрағасы

Тағы сөз сөйлейтіндер бола ма? Жоқ.

Н. Богатырева, Победа көшесінің тұрғыны

Мен, Победа көшесінің тұрғыны ретінде, Победа көшесінің атауын «Жеңіс» деп өзгерту туралы шешімді қолдаймын. Бұл атау мағынасын өзгертпейді және «Победа» сөзінің мемлекеттік тілге жай ғана аудармасы болып табылады, осылайша өзінің тарихи құндылығын сақтап қалады. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік тілге деген құрметтің белгісі.

В.А. Витюк – комиссия төрағасы

Тағы сөйлеймін деушілер бола ма? Жоқ.

Курчатов қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында

Курчатов қаласының көшелерін қайта атау мәселесі жөніндегі қоғамдық тыңдаудың ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Көшелердің атауын қайта атау жөніндегі қоғамдық тыңдау ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде әкімдіктің отырыс залында болып өтті.

Көшелерді қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру нәтижесі келесідей:

«Победа» көшесін «Жеңіс» көшесіне өзгерту: 

«Қолдағандар» – 35 

«Қарсы» – 0 

«Қалыс қалған» – 0 

«Степная» көшесін «Бұлақ» көшесіне өзгерту: 

«Қолдағандар» – 35 

«Қарсы» – 0 

«Қалыс қалған» – 0

Курчатов қалалық мәслихаты тұрақты комиссиялары қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.Степная көшесін Бұлақ көшесі деп, Победа көшесін Жеңіс көшесі деп атау қолдансын.

2.Курчатов қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қоғамдық тыңдау өткізу хаттамасы Абай облысы ономастикалық комиссиясына жіберілсін.

3.Курчатов қалалық мәслихаты тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қоғамдық тыңдау өткізу хаттамасы жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарына және қалалық «Курчатов көкжиегі» газетіне жариялансын.

 

В.А. Витюк,  

қоғамдық тыңдауға төрағалық етуші,

бюджет, экономикалық реформалар және

өңірлік даму мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссия төрағасы                                                                               

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1068174?lang=kk