Қазақстан мен Мажарстан бірлескен инвестициялық қор құрудың негізгі параметрлерін талқылады
15.09.2025 20:50:40 153
Будапешт, 2025 жылғы 25 тамыз - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде Қазақстан-Мажар бірлескен инвестициялық қорын құру бастамасын ілгерілетуге арналған Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында қордың құрылымына қатысты негізгі элементтер, оның ішінде юрисдикция мәселесі талқыланды. Бұл тұрғыда қорды тіркеу және басқару алаңы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығына (AIFC) ерекше назар аударылды. Мажар тарап өздерінің Қазақстанға алдағы сапары аясында AIFC ұсынатын мүмкіндіктермен жан-жақты танысуға дайын екендігін білдірді.
Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінің делегациясының Астанаға сапары 2025 жылғы 2–5 қыркүйекке жоспарланып, Astana Finance Days халықаралық форумы аясында өткізілмек. Сапар барысында мажар делегациясы форумның іс-шараларына қатысып, қазақстандық әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізеді.
Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі екі елдің салалық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді жалғастыра отырып, қорды іске қосу және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізуге ниетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1068306?lang=kk