ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ТАБАНДЫЛЫҚ ПЕН КӘСІБИЛІК ҮЛГІСІ
16.09.2025 14:21:14 648
Теміржол саласында 19 жыл 10 ай бойы адал еңбек етіп келе жатқан Исабаева Нұржамал өзінің еңбек жолын Туркестан локомотив пайдалану депосында машинистка-секретарь қызметінен бастаған.
Бүгінде ол тасымал құжаттарды өңдеу операторы ретінде жауапты қызмет атқарып отыр. Кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі арқасында Нұржамал теміржол саласында тәжірибелі мамандардың қатарынан көрінеді.
Оның еңбек жолы – табандылық пен адалдықтың үлгісі, жас мамандарға кәсіби даму мен өз ісіне берік болудың мысалы.