Бернде Мемлекет басшысының жолдауы талқыланды

Бернде Мемлекет басшысының жолдауы талқыланды

16.09.2025 19:40:32 156

Берн, 2025 жылғы 16 қыркүйек - Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцария-Қазақстан парламентаралық достық тобының мүшелерімен кездесті.

Қазақстан Елшісі еліміздің жан-жақты цифрлық және инновациялық дамуы, экономиканы жаңғырту міндеттеріне, саяси жүйені одан әрі реформалау, білім беру мен денсаулық сақтауды нығайту, көлік және энергетика салаларын дамыту бойынша жоспарланған қадамдарға тоқталып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті. Дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар Швейцариямен көлік-логистика, қаржы, энергетика және басқа да салаларда өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Швейцария Федералдық Жиналысының қос палатасының өкілдері болып табылатын достық тобының мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауын жоғары бағалап, Швейцария парламенттік делегациясының қазан айында Қазақстанға алдағы сапары барысында ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылауға үміт білдірді. Топтың үйлестірушісі, Кантондар Кеңесінің бұрынғы төрағасы Филиппо Ломбарди швейцариялық парламентарийлер атынан алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру технологиялық прогресс, экономиканы әртараптандыру, адами капиталды пайдалану, прогрессивті және ашық саяси жүйе арқылы ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1069096?lang=kk