Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн аясында Вильнюсте дөңгелек үстел мен фотокөрме өтті
16.09.2025 20:10:40 168
2025 жылғы 16 қыркүйек, Вильнюс – Литвадағы Қазақстан Елшілігінде «Ядролық қарусыздану және таратпау: Қазақстан жолы» тақырыбында сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара 29 тамызда атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналды.
Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшісі Тимур Оразаевтың айтуынша, 1991 жылы Семей ядролық полигонының жабылуы – тарихи оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды әлемдік антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде танытқан теңдессіз шешім болды. Қазақстан әлемдегі төртінші ірі ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, бейбітшілік пен сенім жолын таңдады. Ел ядролық қарусыздану саласындағы өз міндеттемелеріне әрқашан адал болып, БҰҰ, МАГАТЭ және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта ядролық таратпау режимін нығайтуға нақты үлес қосып келеді.
Дөңгелек үстелде ядролық сынақтардың экологиялық салдары, соның ішінде Қазақстан аумағындағы зардаптары талқыланды. Осы тақырып аясында халықаралық Bellona экологиялық ұйымының сарапшысы Александр Никитин «Ядролық мұра – Ресей мен Қазақстандағы әскери ядролық бағдарламалардың экологиялық зардаптары» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ ядролық энергетика саласындағы сарапшы Дмитрий Горчаков «Ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы қазіргі халықаралық жағдай» тақырыбында сөз сөйледі.
Д. Горчаков атап өтті: «Ядролық қарусыздану және таратпау саласында оң тәжірибесі бар Қазақстан сияқты елдердің жаңа бастамалары құптарлық. Ядролық эскалацияға жол беруге болмайды деген мәселе үнемі назарда болуы тиіс — бұл қалыпты жағдайға айналып кетпеуі үшін.»
Литваның Сыртқы істер министрлігінің Қаруды бақылау бөлімінің басшысы Гедиминас Серейка Қазақстан бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, ядролық таратпау режимін нығайту және тәжірибе алмасу мәселелеріндегі ынтымақтастыққа мүдделілік білдірді.
Іс-шараға Литва Сейімінің депутаттары – Юлиус Сабатаускас, Симонас Гентвилас, сондай-ақ ғылыми және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Елші Т. Оразаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған Жолдауының негізгі басымдықтары туралы баяндады. Шара қонақтарына Жолдауға арналған ақпараттық брошюралар (қазақ, ағылшын және литва тілдерінде) таратылды.
Сол күні Литва Республикасының Сеймінде ядролық қарусыздану тақырыбына арналған фотокөрме ашылды. Көрмеде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында түсірілген 24 фотосурет пен антиядролық қозғалыс белсендісі Карипбек Күйіковтің шығармалары ұсынылды. Көрме 2025 жылғы 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1069108?lang=kk