«Кітап оқу көшбасшысы-2025» облыстық байқауы өтті
13.10.2025 19:25:20 177Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Жетісу облысы кітапханалары арасында «Кітап оқу көшбасшысы-2025» облыстық байқауы өтті.
Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген 12-13 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 13 оқушысы қатысып бақ сынасты.
Байқау үш кезеңнен тұрды.
І кезеңде қазылар алқасы Жетісу табиғатына байланысты 10 сөз кездесетін қысқаша шығарма немесе эссе жазу.
ІІ кезеңде шығармалардан екі үзіндіден беріледі, сол үзінді қай шығармадан екенін табады.
ІІІ кезеңде «Сұрақтар керуені» тапсырмасында 10 автордың шығармаларынан жасырын ұяшықты таңдау арқылы 5 сұрақтан қойылды.
Байқауға жетісулық ақын-жазушылар, журналистер Есболат Айдабосын, Мәди Алжанбай, Айдын Кәлімхан, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анар Доспайқызы және Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы директорының орынбасары Мадина Баймендинова әділ қазылық етті.
Байқау қорытындысы бойынша Қаратал ауданы, Алмалы ауылы, Абай атындағы орта мектептің оқушысы Айша Алтынбек І дәрежелі, Сарқан ауданы, Нмколай Островский атындғы орта мектептің оқушысы Еңлік Сәулебай ІІ дәрежелі, Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылы, Қаблиса жырау атындағы орта мектеп оқушысы Ұлжан Жанарқызы ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлер мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы марапаттар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1069595?lang=kk