ШҚО-да жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері түсіндірілді
13.10.2025 19:34:06 144
Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жаңа Салық кодексінің негізгі аспектілеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш жаңа Кодексте салық салу жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізілетінін, соның ішінде салық төлеудің жаңа ережелері мен берешекті өндіріп алу шаралары қарастырылғанын атап өтті.
Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира жеке табыс салығына прогрессивті шкала енгізілетінін хабарлады: жылдық 8 500 АЕК-ке дейінгі табысқа (жылына 33,4 млн тг) – 10 %, одан жоғары – 15 %. Ол бұл шара салық әділеттілігін арттырып, төмен табысты азаматтарға салмақты азайтады деп атап өтті. Сондай-ақ стандартты шегерім 14-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайды, ал І–ІІ топтағы мүгедектер үшін 5 000 АЕК мөлшерінде белгіленді.
Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Жакиянов Азамат салық берешегін өндіру шараларын түсіндірді. Оның айтуынша, 45 АЕК-тен асқан жағдайда мүлікті тәркілеуі мүмкін, ал 27 000 АЕК-тен асқан жағдайда – елден шығуға шектеу қойылады. Сонымен қатар, уақытша қиындықтарға тап болған бизнес үшін кепілсіз кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесі іске қосылатыны айтылды. Ол жеті ақпараттық жүйені біріктіріп, салық төлеушілердің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1069702?lang=kk