Эфиопия Дінаралық кеңесінің Бас хатшысы VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуда
13.10.2025 20:05:04 141
Астана, 2025 ж. 17-18 қыркүйек – Эфиопия Дінаралық кеңесінің Бас хатшысы Лике Тигухан Тагай Таделе мырза Астанада өтіп жатқан VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысып жатыр.
Форум бағдарламасы аясында ол «Дін – әлемді тұрақты дамыту факторы» атты 2-секцияда сөз сөйлеп, діни қауымдастықтар арасындағы диалогтың сенімді нығайтуда, бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетуде, сондай-ақ заманауи жаһандық сын-қатерлерді шешуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Қазақстан астанасына әлемнің 60 елінен 700-ден астам адамды жинап, жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін растады.
Анықтама: Эфиопия – әлемдегі ең көне елдердің бірі, бай мәдени және діни мұраға ие (христиан діні IV ғасырдан, ислам VII ғасырдан бері ұстанылады). Бүгінде ел халқы 125 миллионнан асады, оның 44%-ы христиандар (негізінен Эфиопия православие шіркеуінің өкілдері), 34%-ы мұсылмандар және 23%-ы евангелистер. Негізгі діни топтарды біріктіру мақсатында 2010 жылы Эфиопияның дінаралық кеңесі (IRCE) құрылды – діни бостандықты, үйлесімділікті және өркендеуді қолдау мақсатында елдің негізгі діни қауымдастықтарын біріктіретін ұйым.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1070349?lang=kk