2025 жылғы 6–30 қазан аралығында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы «Әкімшілік-деликтік құқық және процесс, әкімшілік рәсімдік-процестік құқық нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбында референт курстарының үшінші кезеңін онлайн форматта өткізеді

13.10.2025 20:47:13 365

Курс Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін тыңдаушыларға арналған.✅

Бағдарлама Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.🔖

Онлайн-курс кәсіби білімді тереңдетуге және сот жүйесінде болашақ қызметке қажетті тәжірибелік дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Курстың ұзақтығы — 18 академиялық сағат (сабақтар аптасына 2–3 рет, сағат 16:30-дан 18:00-ге дейін өткізіледі).

Формат — онлайн.

Өтініштерді қабылдау мерзімі — 2025 жылғы 3 қазанға дейін.🤔

Оқу аяқталған соң тыңдаушыларға Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының сертификаты беріледі.📄

Қатысу үшін өтініш пен тыңдаушының сауалнамасын жолдау қажет.🌐

Курс бағдарламасымен Академияның ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://sta.edu.kz📞

Анықтама үшін байланыс телефондары:
+7 (7172) 71-08-49,
+7-707-958-33-45.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1071233?lang=kk