Салық төлеушілерге арналған семинарлар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтар

Салық төлеушілерге арналған семинарлар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтар

13.10.2025 20:48:22 71

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Тереңкөл, Баянауыл және Ертіс аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында семинарлар өтті.

Семинарлар барысында салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер қарастырылды. Корпоративтік және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы,  салық есептілігі, арнайы салық режимдерін қолдану сұрақтарына ерекше назар аударылды.

 

60 астам салық төлеушілер алдағы жаңалықтармен танысып қана қоймай, өз сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1071151?lang=kk