Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі А.Сейтақынов пен Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігі Консулдық департаментінің директоры Б.Болдпен кездесуі туралы
14.10.2025 08:05:01 80
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігі Консулдық департаментінің директоры Бат-Очир Болдпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау және көмек көрсету, өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жолдары, сондай-ақ консулдық саладағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар консулдық саладағы мәселелер бойынша тұрақты байланыстар мен консультациялар өткізуді жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1071620?lang=kk