Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы іс қозғалғаннан кейін қандай салдар туындайды?
14.10.2025 09:13:05 370
Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы іс бойынша ұйғарым шығарған күнінен бастап мынадай салдарлар туындайды:
- Борышкердің борыштық міндеттемелерінің мерзімі өткен болып саналады.
- Борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынады.
- Тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) мен сыйақыны есептеу тоқтатылады.
- Борышкерге жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынады (ломбардтардың микрокредиттерінен басқа).
- Борышкердің мүлкі туралы ақпарат алуға келісімі беріледі.
- Борышкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына тыйым салынады (кейбір ерекшеліктермен).
- Банктік шоттардан ақша өндіріп алуға және мүлікке өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
- Борышкерге талаптар тек банкроттық рәсімдер шеңберінде ғана қойылуы мүмкін (алименттер мен өмірге/денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуден басқа).
- Атқарушы құжаттар мен мемлекеттік органдардың шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.
- Кредиторға реттеу және/немесе өндіріп алу шараларын қолдануға тыйым салынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1072367?lang=kk