«Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбындағы каскадтық оқыту

«Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбындағы каскадтық оқыту

14.10.2025 09:47:20 80

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ғимаратында үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде Астана қаласында 2025 жылдың                     11-12 қыркүйек күндері өткізілген «Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысқан Жылыой, Индер, Исатай, Мақат аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары З.Калмуханова, Б.Сапаров, Қ.Губашев Р.Мақсотов Атырау облысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мүшелерін каскадтық оқыту бағытында семинар өткізілді.  

Семинарды Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясыныңның төрағасы Әсия Баянқызы Қыстаубаева ашып, одан әрі Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен новеллалар, Сайлау процесі кезінде ақпараттандыру, үгіттеу, байқаудың кейбір мәселелері, Ұлттық жасанды интеллект платформасымен жұмыс істеу негіздері, Сайлау науқанын қаржыландыруды ұйымдастыру, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сайлау процесіндегі сот дауларына шолу және тағы басқа тақырыптарында спикерлер дәріс беріп, семинарға қатысушылар арасында кеңінен талқылады.

Кәсіби дағдыларды арттыру мақсатында дайындалған тәжірибелік кейстер қаралып, семинар қорытындысымен қатысушылар тестілеуден өтті. Тестілеудің нәтижесімен қатысушылардың 39%  қойылған сұрақтардың барлығына дұрыс жауап берсе, 56% «жақсы» деп бағаланды, ал тек бір тыңдаушы «қанағаттанарлық» көрсеткішке қол жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1072822?lang=kk