Жаңа Салық кодексі: бизнеспен ашық диалог
14.10.2025 09:56:11 54
Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы азаматтар мен кәсіпкерлерді хабардар ету мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шара 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіруге арналды.
Кездесуге қатысушылар, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1073121?lang=kk