Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады

14.10.2025 11:27:40 114

2025 ж. 23 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады.

Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымын ұлғайту мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстанда жүргізілген жоғары деңгейдегі америкалық сауда-инвестициялық миссиясының қорытындысын құптап, еліміз Құрама Штаттардың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналатынын атап өтті. Қазақстан АҚШ Үкіметімен және іскерлік орта өкілдерімен тиімді ықпалдастық орнатуға бейіл.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен өткен бүгінгі әңгімелесудің, сондай-ақ Сауда министрі Говард Латникпен, бірқатар америкалық ірі компаниялар басшыларымен кездесудің мазмұнын жоғары бағалады.

АҚШ Сауда палатасының жетекшісі экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сюзанн Кларк экономиканың түрлі секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын қарастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1074479?lang=kk