Өскемен қалалық мәслихатында «Мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желілердің ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті.

Өскемен қалалық мәслихатында «Мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желілердің ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті.

14.10.2025 11:37:07 56

Іс-шараның мақсаты - ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру.

Кездесу аясында қатысушыларға:

- дербес деректерді қорғау тәсілдері туралы;

- мобильді құрылғыларды және тегін Wi-Fi кіру нүктелерін пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы;

- әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы;

- жеке аккаунттарды бұзудан қорғау туралы;

- күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны қолданудың маңыздылығы туралы айтылды.

Мұндай іс-шаралар цифрлық ортада жауапты және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде ықтимал қауіптер туралы хабардар болу деңгейін арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1074824?lang=kk