«Қақтығысты буллингтен қалай ажыратуға болады?» тақырыбында дәріс өткізді.
14.10.2025 12:37:58 181
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті бастауыш сынып оқушылары үшін «Қақтығысты буллингтен қалай ажыратуға болады?» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты – қысым көрсету жағдайларының алдын алу және зорлық-зомбылыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Дәріс барысында балаларға қақтығыс пен буллингтің негізгі айырмашылықтары түсіндіріліп, құрдастарымен сыйластықта әрі ізгі ниетпен қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1075484?lang=kk