Бірінші тамызда Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша басталған семинарлар сериясы Астанада аяқталды
14.10.2025 12:46:39 82Бірінші тамызда Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша басталған семинарлар сериясы Астанада аяқталды
Бірінші тамызда Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша басталған семинарлар сериясы Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика Серік Жұманғариннің, қаржы министрі Мәди Такиевтің, Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен қорытынды іс-шарамен аяқталды.
Семинар онлайн режимде, еліміздің барлық 20 өңірінде МКК өңірлік бөлімшелерін қосу арқылы көрсетілді. Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақты офлайн және онлайн режимінде қойып, толық жауап алды.
Павлодар облысының кәсіпкерлері де Келісім Үйінде таратылған семинарға қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1075846?lang=kk